Ғылыми еркіндіксіз даму мүмкін емес – Ұлттық ғылым академиясының мүшесі
- author AR-AY
- Бүгін, 09:20
- 28
«Ғылыми шығармашылық еркіндігін Конституция деңгейінде бекіту – ғылымды қосалқы құрам емес, жеке-дара құндылық ретінде мойындауды білдіреді. Баршамызға мәлім, ғылымсыз – тұрақты даму да, шынайы демократия да, тиімді мемлекеттік басқару да мүмкін емес. Конституциялық норма, ең алдымен – ғылыми шығармашылық еркіндігі мәртебесін айқындайды. Яғни, мемлекет оның еркін жұмыс жасауы үшін жағдай жасауы тиіс», – деді ол.
Оның айтуынша, ғылыми шығармашылық еркіндігі университеттер мен ғылыми орталықтардың дербестігімен, оқытушылар мен ғалымдардың академиялық еркіндігімен тығыз байланысты. Бұл норманы Конституцияда нақты бекітпейінше, ғылыми мекемелердің әдістеме таңдау, зерттеу және түсіндіру тақырыптары бойынша еркіндігін толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Комиссия отырысында жаһандық бәсекелестік пен технологиялық трансформация жағдайында ғылыми еркіндіктің стратегиялық маңызына да назар аударылды.
Сөз соңында ол Преамбулада және қосымша баптарда адами капитал, білім мен ғылым, мәдениет пен инновацияны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің стратегиялық бағыттары ретінде бекітуді қолдауға шақырды.


