Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңа Парламент құрарда артық шығындар мен процедуралық тығырықтан бас тарттық – Елнұр Бейсенбаев

Жаңа Парламент құрарда артық шығындар мен процедуралық тығырықтан бас тарттық – Елнұр Бейсенбаев
Ашық дереккөз
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық комиссияның V отырысында жаңа Парламентті құрудың үш маңызды аспектісі туралы айтып берді және Құрылтай мен Халық Кеңесі қызметтерінің ара-жігін айқындап берді.

Депутат Конституцияны абстрактілі ұғымдармен көмкеріп, тым күрделіндіріп жібермеу маңызды екенін атап өтті.Конституция – теория емес. Ол – нақты ережелер жиынтығы. Мемлекет күнделікті соған сүйеніп жұмыс істейді, шешімдер қабылдайды, халықтың әл-ауқаты қамтамасыз етіледі.

«Ал Құрылтай ықшам әрі ұтымды болады. Конституциялық комиссия қосымша бюджеттік шығындарға жол бермеуді барынша ескерген. Бұл – өте маңызды қадам, қоғамға берілген нақты ишара. Яғни біз «тек билік үшін көбірек билік қалыптастырудан» бойды аулақ салдық.Егер парламентарийлер санын стандартты еуропалық формулаға сүйеніп, халықтың саны немесе аумақтық қағидат бойынша есептесек, Құрылтайда 500-600 депутат болар еді. Әлемде ондай тәжірибе бар. Бірақ Комиссия саналы түрде басқа жолды таңдады − депутат санын көбейтпей, керісінше, оңтайландырды», - деді Елнұр Бейсенбаев. 

Екінші аспект – процедуралық тығырықтанжәне биліктің шамадан тыс қат-қабат болуынан бас тарту. Әлемдік тәжірибе үлкен парламент − әрдайым қуатты парламент бола бермейтінін көрсеткен. Көбіне ол заң шығару ісін тежейді. 

Мәселен ұзақ уақыт бойы Италия парламенті Еуропадағы ең ауқымдыпарламенттердің бірі болды (төменгі палатада 630 депутат). Бұл апатты бюрократияға әкеліп,заңдардың қабылдануын бірнеше жылға созған. Нәтижесінде 2020 жылы бұл ел батыл қадам жасап, депутаттардың үштен бір бөлігін (400-ге дейін) қысқартты.  

«Ұлыбританияда Қауымдар палатасында650 адам, ал Лордтар палатасында 800-ден астам мүше бар. Соның салдарынанәлеуметтік маңызы бар заңдар палаталарарасында 20 реттен астам кері қайтарылған. Бұл алып механизмді қалайда жұмыс істетуүшін үкімет пікірталасқа шектеу қоюға мәжбүр. Дәл осы себепті Мемлекет басшысыдепутаттар санының шамадан тыс көбеюінорынсыз деп атады. Нақты регламенті бар және заңдар үш оқылымда қаралатынбірпалаталы Құрылтай – шексізмақұлдаулардан, кулуардағы компромистерденжәне жауапкершіліктің бұлыңғырлануынансаналы түрде бас тарту», - деді Мәжілісдепутаты.

Үшінші аспект – Халық кеңесінің қайталаушы емес, теңгерімді сақтайтынинститут ретіндегі рөлі. Халық КеңесіҚұрылтайдың баламасы емес және онымен бәсекеге түспейді. Ол – тұрақты қызмет ететін консультативтік орган, мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір.

«Халық Кеңесінің өкілеттігі конституциялық заңда нақты белгіленеді. Кеңес өзі қалаған кезде жиналмайды, әрі тағы бір Парламентке айналмайды. Оның міндеті – қоғамның талап-тілегін жинақтау, ішкі саясат, қоғамдық келісім, ұлттық бірлік пен құндылықтар мәселелерінде ұсыныстар тұжырымдау. Халық кеңесінің Құрылтайға заң жобаларын ұсыну, республикалық референдумға бастамашы болу құқығына ие болды. Осылайша, біз әр құрылымның өз рөлін нақты айқындауға қол жеткіземіз. Яғни, Құрылтай – шешім қабылдайды және саяси жауапкершілік арқалайды. Халық кеңесі – қоғамдық сұраныс пен күн тәртібін қалыптастырады», - деді Елнұр Бейсенбаев.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар