Жаңалықтар
Сайлау-2022: қазақстандықтар барлығына қарсы дауыс бере алады
- author AR-AY
- 18 қазан, 2022
- 138
Сайлау-2022: қазақстандықтар барлығына қарсы дауыс бере алады
20 қарашада өтетін Қазақстан Президентінің сайлау бюллетеньдерінде "барлығына қарсы" деген баған пайда болады, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Барлығына қарсы" бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бағанды енгізу туралы 21 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.
"Сайлау бюллетеньдерінде "барлығына қарсы" деген баған пайда болды", - деп мәлімдеген еді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болғаны хабарланған еді.
Келесі мақала