Қазақстанда Нипах вирусы тіркелген жоқ – Денсаулық сақтау министрлігі
- author AR-AY
- Бүгін, 12:01
- 1
Сонымен қатар Үндістандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты алдын алу шаралары күшейтілді. Мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтіліп, Үндістаннан және Нипах вирусы тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген азаматтарға ерекше назар аударылып отыр. Қолайсыз елдердің тізімі тұрақты түрде жаңартылуда.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардың ықтимал қауіпке дайын екенін атап өтті. Шұғыл медициналық көмек бригадалары мен инфекциялық стационарлардың дайындығы қамтамасыз етілген, дәрі-дәрмек, жеке қорғану құралдары және дезинфекциялау заттарының жеткілікті қоры қалыптастырылған.
Ведомство эндемиялық елдерге сапарлауды жоспарлаған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтауға, ал елге оралғаннан кейін ауру белгілері байқалса, барған елін көрсете отырып, дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Үндістанның Калькутта қаласына жақын өңірлерде вакцинасы да, арнайы емі де жоқ, өлімге соқтыруы мүмкін Нипах вирусының таралуы тіркеліп отыр. Осыған байланысты қазақстандық санитариялық қызметтер сақтық шараларын күшейтіп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.



