«Несиені есептен шығарамыз»: ұйымдасқан топ мүшелері сотталды
- author AR-AY
- 26 қаңтар, 2026
- 152
Іс материалдарына сәйкес, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қалған қатысушылар 6 жылдан 8 жылға дейін сотталды.
Сотта анықталғандай, алаяқтар азаматтарға қолданыстағы тұтынушылық несиелерді «есептен шығарып береміз» деп уәде еткен. Оның орнына жәбірленушілерге жаңа кредиттік шарттар, соның ішінде автонесиелер рәсімдетіп, ай сайынғы төлемдерді өздері төлейміз деп сендірген.
Алайда уәделер орындалмай, жәбірленушілердің қарыз жүктемесі одан әрі арта түскен. Бұл алаяқтық схеманың құрбандары негізінен әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар — табысы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандар болған.
Тергеу деректеріне сәйкес, келтірілген материалдық шығын 240 млн теңгеден асты. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды кредиттерді жедел рәсімдеу немесе қарызды «жойып береміз» деген ұсыныстарға сақтықпен қарауға және жеке әрі қаржылық деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге шақырды. Күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу жүгіну ұсынылады.
Жамбыл облысында «Болашақ прокурор кеңістігі» ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026




