Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өрендер шекара тынысымен танысты

Өрендер шекара тынысымен танысты
Автор
Жақында Қордай аудандық жастар ресурстық орталығы мен Ауқатты ауылдық округі әкімдігі және №9 Ә.Бөкейханов атындағы орта мектеп бірлесіп оқушылар үшін «Әскери өмірдегі бір күн» атты мазмұнды әрі тағылымды экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шараға №9 Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің оқушылары мен Қызылсай ауылының О.Жандосов атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Экскурсия барысында өрендер облыстық шекара қызметі департаментінің Қордай ауданы шекара басқармасына қарасты «Жасыл төбе» шекара бөлімшесін аралады. Оқушылар шекара қызметінің күнделікті жұмысымен және сарбаздардың тыныс-тіршілігімен жақыннан танысуға мүмкіндік алды.

Іс-шараның басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру және әскери қызметтің қоғамдағы рөлін түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік шекараны қорғаудың маңызын ұғындыру арқылы жастардың әскери мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Экскурсия барысында шекара қызметі мамандары оқушыларға әскери қызметтің ерекшеліктері мен сарбаздардың күн тәртібі туралы толық ақпарат берді. Жасөспірімдер жауынгерлік даярлық деңгейімен танысып, қызмет барысында қолданылатын заманауи техникалар мен жабдықтарды өз көздерімен көрді.

Мамандар әскери тәртіп пен жауапкершілік, сондай-ақ ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шекарашылардың рөлі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери қызметшілермен ашық әңгіме өрбітті.

Мұндай танымдық экскурсиялар жас түлектердің болашақ мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына үлкен ықпал етеді. Бұл бастама жастардың елге қызмет етуге деген патриоттық сезімдерін нығайтуға және Отан алдындағы борышты сезінуге септігін тигізеді.

Айқаныш ИСРАИЛОВА,

Қордай аудандық жастар ресурстық

орталығының директоры

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар