Меркі аудандық жастар ресурстық орталығы тарапынан «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша 2025 жылы 80 іс-шара өткізіліп, 8 916 жас қамтылды. Одан бөлек «Жастар және қылмыс», «Құқықбұзушылық және заңдық жауапкершілік», «Жасөспірім заң қауіпсіздігі», «Қауіпсіз мектеп» секілді тақырыптарда кездесулер, семинарлар және акциялар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, «Қоғам сақшысы» жобасы аясында полиция қызметкерлері және білім бөлімінің мамандарымен бірлесе 27 түнгі зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Ал 2026 жылдың басынан «Заңды біл – жауапкершілікті сезін» ,«Заңды білу – құқықбұзушылықтың алдын алудың негізгі жолы» тақырыптарында кездесу, «Қоғам сақшысы» жобасы аясында түнгі рейд жұмыстары бастау алды. Алдағы уақытта «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында орталық тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілу жоспарлануда.
Жалпы заң мен тәртіп – әрбір адамның жауапкершілігі. Заңды құрметтеген қоғамда әділдік, тәртіп және бейбіт өмір орнайды. Әрбір азамат заңды білуі және оны орындауы тиіс. Заңды сақтау арқылы біз өз құқықтарымызды қорғаймыз және басқа азаматтардың да құқықтарын құрметтейміз.
Нұрбек ЖҰМАНАЗАРОВ,
Меркі аудандық жастар ресурстық
орталығының директоры




