Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өткен жылы 11 мәдениет нысаны пайдалануға берілді

Өткен жылы 11 мәдениет нысаны пайдалануға берілді
www.gov.kz
Облысымызда 2025 жылы 11 мәдениет нысаны халық игілігіне берілді. Сондай-ақ 207 миллион теңгеге 16 мәдениет нысаны ағымдағы жөндеуден өтті. Ал биыл Жамбыл және Талас аудандарының әрқайсысында 2,Тұрар Рысқұлов ауданында 1 мәдениет үйінің құрылысы жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай өткен жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа мәжілісінде баяндады.

Бүгінде облыста халыққа мәдени қызмет көрсететін 506 мекемеде 3 648 қызметкер еңбек етуде.

Сонымен қатар өңірде 202 мәдениет үйі мен клуб мәдени-көпшілік қызмет көрсетуде. 819 клуб құрылымына 10 918 адам тартылған. Оның ішінде балаларға арналған 620 үйірмеге 8 526 бала қатысады.

Аймақ халқының мәдени-рухани сұранысын қанағаттандырып отырған 275 мемлекеттік кітапхана жұмыс істейді. Жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарының электронды нұсқаларына еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Әулиеата кітапханасы» («Aulieata library») мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталған қосымша «Google Play» және «App Store» платформаларында орналастырылып, 115 автордың 276 кітабын оқуға мүмкіндік береді.

Облыс театрлары 11 жаңа қойылыммен толықты. Театр ұжымдары 400 қойылым ұсынып, оларды 69 995 көрермен тамашалады. Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрына «Академиялық» мәртебе берілді.

Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары 316 концерт ұйымдастырып, 79 571 көрерменді қамтыды.

Биыл ерте ортағасырлық «Бесағаш» (VI–XII ғғ., Атлах) қалашығының орнына 25 миллион теңгеге және Қазақ хандығы ту тіккен аймаққа 20 миллион теңгеге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Облыс музейлерінде 2 563 экскурсия өткізіліп, түрлі тақырыптарда 497 көрме ұйымдастырылды. 120 972 экспонатты 65 917 келуші тамашалады. Сонымен қатар облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрамында «Бауыржан Момышұлы» музейі ашылды.

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы жанынан «Асабалар алаңы» қоғамы құрылып, той мәдениетіне арналған әдістемелік нұсқаулық дайындалды. Бала тәрбиесін бесіктен бастаудың бір үлгісі ретінде «Әжемнің ертегілеріне саяхат» жобасы табысты жүзеге асырылып, ерікті әжелерге арналған ертегілер жинағы жарық көрді. Орталық тарапынан жалпы саны 7 кітап шығарылды.

2025 жылы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы ресми түрде іске қосылды.

Биыл облыста 3 халықаралық, 9 республикалық және 40-қа жуық облыстық деңгейдегі мәдени-көпшілік іс-шара өткізу жоспарлануда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар