Кездесуге мектеп директоры А.Спанкулова, мектеп әкімшілігінің ұжымы, Меркі аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары Н.Сыдықбеков пен учаскелік полиция инспекторы Д.Абдықасым, сондай-ақ Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс жөніндегі маман-психологі А.Темірбай және 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға бағыну мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Мектеп директоры А.Спанкулова өз сөзінде әрбір азаматтың қоғамдағы тәртіп пен заңдылыққа жауапты екенін, заңды құрметтеу күнделікті қарапайым әрекеттерден басталатынын атап өтті.
Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдары, әкімшілік жауапкершілік, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері мен оның салдары, интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіптер, қоғамдық тәртіпті сақтау, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты әрі түсінікті жауаптар алды.




