Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тиісті шешімдер қабылданды

Тиісті шешімдер қабылданды
www.gov.kz
Кеше сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті.

Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, оның орынбасарлары, басқарма басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері қатысты.

Сессия барысында «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» КММ-ға Бауыржан Момышұлының есімін беру жөніндегі ұсынысты республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жиын соңында депутаттар өзекті мәселелер мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар