Үйден кету жағдайларының ең көп бөлігі – 11–15 жас аралығында, яғни 180 дерек орын алған. Бұл – баланың белсенді түрде есейіп, мінезі мен көзқарасы қалыптасатын кезең. Мұндай уақытта балаға ересектердің түсінігі мен қолдауы ерекше маңызды.
16-17 жас аралығында 72 дерек, ал 6-10 жастағы балалар арасында 24 жағдай тіркелген.
Сондай-ақ, 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндердің үйден кетуіне қатысты жекелеген оқиғалар да ерекше назар аударуды талап етеді.
Жүргізілген талдау көрсеткендей, көп жағдайда балалардың үйден кетуі құқыққа қайшы ниеттермен емес, эмоциялық себептермен байланысты. Ең жиі себеп – отбасындағы жанжалдар. бұл бағытта 104 дерек тіркелген.
Жекелеген жайларда себеп ретінде күрделі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар анықталған.
Мамандардың пікірінше, алдын алудың ең сенімді негізі – отбасындағы сенім атмосферасы, баланы тыңдай білу және оның мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау тұрақты тұлға қалыптасуына үлкен көмек.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
«Ақын болып туу – тағдыр, ақын болып қалу – таңдау»
Ұқсас жаңалықтар
WhatsApp-та кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: полиция сақ болуға шақырады
- авторAR-AY
- 8 қаңтар, 2026



