Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қос аудан қатар дамиды

Қос аудан қатар дамиды
Автор
Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңес өтіп, Әулиеата және Жібек жолы аудандарының әлеуметтік-экономикалық жоспарлары мен түйіні шешілмеген мәселелері талқыға түсті.

Алдымен сөз алған Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төреханов өткен жылдың оң өзгерістеріне тоқталды.

Әулиеата ауданы аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Биылдан бастап тазалық жұмысымен айналысатын 100 жұмысшы қабылданды. Енді аумақтық инспекторлар бас болып, тазаланатын көше, парк, скверлер нақтыланып, тиісті жұмыстар атқару тапсырылды.

Сонымен биыл аудан аумағына тиесілі ЛОК 6,3 шақырым және Сеңкібай каналының 2 шақырымын қоршау, 5 жоба бойынша балалар алаңшасын орнату, кіші футбол алаңшасын салу, жаңадан қосылған елді мекендер мен қала аумағына 60-қа жуық аялдама орнату, 52 ірі кәсіпкерлік нысанның алдын абаттандыру және автотұрақтарын ретке келтіріп, жолақтарын сыздыру, тал, гүл егу, Жамбыл, Төңкеріс, Гамелей, Койбақов, Сәтпаев, Асқаров, Көшек батыр көшелерінде 206 аула және 18 көшеге түнгі жарық шамдарын орнату, мүлдем ауызсу желісі жүргізілмеген Новоджамбулец алабына ауыз су тарту, 30 жоба аясында 60 көшеге орташа жөндеу және 6 жаяу жүргіншілер жолына ағымды жөндеу және жол белгілерін орнату жоспарланған.

Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова да ауданда 2026 жылы атқарылатын жобаларды атап өтті. Қарлығаш Әмірқызының сөзіне сүйенсек, биыл Жібек жолы ауданында 42 көшеге жол құрылысын жүргізу, 35 көшені жарықтандыру, 8 балалар ойын алаңшасын салу, аудан аймағы бойынша 78 аялдама орнату, «Таза көше, үлгілі аула» акциясын өткізу, 5000-ға жуық түп ағаш отырғызу, «Үздік абаттандырылған кәсіпкерлік нысан» байқауын ұйымдастыру, қоқыс алаңшаларын жаңарту бойынша 33 алаңша салу; 280 жол белгісін орнату Сұлутөр, Талас, Жалпақтөбе алабының каналдарын механикалық тазалау, елді мекендердегі 23 көрнекі ақпарат құралын ретке келтіру, заңдастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар екі ауданның әкімі қордаланған мәселелерді де жіпке тізді.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына сауал қойып, жуық арада шешімін табу керектігін тапсырды.

Шолпан АМАНҒАЛИҚЫЗЫ,

Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығының журналисі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар