Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Озық технологиялы әдістер қолданыла бастады

Озық технологиялы әдістер қолданыла бастады
Автор
Қордай аудандық орталық ауруханасында заманауи травматологияның озық әдістері кеңінен енгізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар аясында хирургия бөлімшесінде Ақтау қаласынан арнайы шақырылған жетекші травматолог, жоғары санатты дәрігер А.Алиевтің қатысуымен шеберлік сыныбы өтті.

Онда травматология бөлімшесінің дәрігерлері сүйек сынықтарын емдеудің тиімді әрі қауіпсіз жолдарымен танысып, практикалық тәжірибелерін жетілдірді. Әсіресе блокталатын интрамедуллярлық остеосинтездің аз инвазивті әдісіне ерекше назар аударылды.

Баспалдақтан құлап жарақат алған М.Л. есімді науқасқа Қордай аудандық орталық ауруханасының травматолог-дәрігері Мата Орынбасар балтыр сүйектерін қалпына келтіру бойынша күрделі операцияны сәтті орындады. Ота Алматы қаласындағы Жедел медициналық жәрдем көрсету қалалық ауруханасында аз инвазивті операциялар бойынша тағылымдамадан өткен дәрігер А. Гасановтың бақылауымен жүргізілді.

Нәтижесінде пациенттің жағдайының жақсаруына байланысты үйіне шығарылды. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс науқастың тез оңалуына және ерте қозғалысқа көшуіне мүмкіндік береді.

Блокталатын интрамедуллярлық остеосинтез – ұзын түтікше сүйектерінің сынықтарын емдеуде қолданылатын ең заманауи әрі тиімді әдістердің бірі. Бұл тәсілдің басты ерекшелігі – арнайы сүйекішілік өзекті терідегі шағын тіліктер арқылы енгізу арқылы сынықтарды берік әрі тұрақты бекітуінде. Аталған технология операциялық жарақатты едәуір азайтып, егде жастағы және жалпы жағдайы ауыр науқастар үшін де қауіпсіздігімен ерекшеленеді.

Қордай аудандық орталық ауруханасында медицина кадрларын даярлау жүйелі түрде жүргізілуде. Басшылықтың қолдауымен дәрігерлер отандық және шетелдік жетекші клиникаларда біліктілігін арттырып, тұрғындарға сапалы әрі қауіпсіз медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік алып отыр.

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар