Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады

Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады
arainfo.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды

"Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында қаулы етемін:

1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", –  делінген Жарлықта. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар