Олжас Бектенов: Жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарға артық қаржыландыру тоқтатылуы керек
- author AR-AY
- 6 қаңтар, 2026
- 31
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады.
Сұхбаттың ауқымды бөлігі әлеуметтік мәселелерге арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады,— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұл ретте Премьер-министр Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарауға қатысты нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Сонымен қатар жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау қажеттігіне назар аударылды. Артық қаржыландыруды тоқтату қажет. Адал бәсекелестікте жұмыс істей алмаса бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтық кеңінен таралып кеткені бәріне мәлім. Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде аталған мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын,— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Одан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау кезінде алаяқтық жағдайларды болдырмауға бағытталған кешенді шараларды қарастыруы қажет.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды барлауға 700-ден астам лицензия берілді
- авторAR-AY
- 18 желтоқсан, 2025
Қазақстанда мұнай-газ химиясы қарқынды дамуда: өнім өндірісі 12%-ға өсті
- авторAR-AY
- 15 желтоқсан, 2025




