Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түнгі ұрлық: Жамбыл облысында полиция қызметкерлері ұрланған 11 бас жылқыны GPS арқылы ізін суытпай тапты

Түнгі ұрлық: Жамбыл облысында полиция қызметкерлері ұрланған 11 бас жылқыны GPS арқылы ізін суытпай тапты
Автор
Жуалы ауданы полиция бөліміне кешкі уақытта мал иесінен аудан аумағындағы шаруа қожалықтарының біріндегі жайылымнан жылқы малдарының жоғалғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды arainfo.kz

Мал иесі жылқыларға алдын ала орнатылған GPS бақылау құрылғысы арқылы олардың белгісіз бағытқа қарай қозғалып бара жатқанын байқап, дереу 102 нөміріне хабар берген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің алдын ала сөз байласуы арқылы адамдар тобы болып, ірі мөлшерде бөтеннің малын жасырын жымқыру бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.

Хабарлама түскен сәттен бастап аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына кірісіп, түнгі уақытта, қар аралас жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан, GPS деректері негізінде күдіктілердің бағытын анықтап, із кесу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде ұрланған жылқылардың көрші ауыл аумағында жасырылғаны белгілі болып, 11 бас жылқы толықтай табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында мал ұрлығына қатысы бар Жуалы ауданының бір тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау және ұстау бағытында жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар