Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде ақылы автожолдар саны артады

Елімізде ақылы автожолдар саны артады
ТАСС
Қазақстанда жол инфрақұрылымын ұзақ мерзім бойы сапалы деңгейде ұстау мақсатында бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда ақылы режим енгізіледі, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл шешім жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстауға тұрақты қаржы көзін қалыптастырып, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

Ақылы режим енгізу көзделген негізгі автожолдар қатарына Қарағанды – Балқаш бағыты, Бұрылбайтал – Күрті учаскесі, Ақтөбе – Қандыағаш жолы, Талдықорған – Өскемен автожолы, Атырау – Астрахань бағыты және Меркі – Шу аралығы кіреді.

Аталған бағыттардың барлығы соңғы жылдары күрделі жөндеуден өтіп, халықаралық және ұлттық стандарттарға сай қайта жаңғыртылған. Жауапты органдардың мәліметінше, ақылы режимнен түскен қаражат жол сапасын сақтау, қауіпсіздікті арттыру және сервистік қызметтерді дамытуға бағытталатын болады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар