Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін мекеме басшысы сотталды

Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін мекеме басшысы сотталды
Фото: freepik.com
Павлодарда сот № 45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды arainfo.kz

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін кінәлі деп танылды.

Сотта анықталғандай, колонияның экс-басшысы белгілі бір сыйақы үшін жекелеген сотталғандарға жазасын өтеу барысында артықшылықты жағдай жасаған. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік құпияға жататын ақпаратты жария ету фактілері дәлелденді.

Мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурордың белсенді ұстанымының нәтижесінде сот айыпталушының кінәсін толық көлемде дәлелденген деп таныды.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот бұрынғы мекеме басшысын подполковник арнаулы атағынан айырып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына шеттетті. Сондай-ақ оған 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар