Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда ҚАЖ қызметкерлеріне нақты міндеттер жүктелді

Таразда ҚАЖ қызметкерлеріне нақты міндеттер жүктелді
ҚАЖ
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде кезекті аппараттық жиын ұйымдастырылды.

Басқосу барысында мекеме бастығы, әділет полковнигі Ермек Джалгасбаев жеке құрам қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойды. Ол өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінен мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту, жазасын өтеушілердің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және сотты болғандарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытында кешенді жоспарларды өз деңгейінде орындалуы талап етілетінін баса айтты. 

Сондай-ақ жиын барысында мекемедегі жедел жағдайдың тұрақтылығына айрықша көңіл бөлу – басты назарда екені атап өтілді. Бұдан бөлек тәртіп сақшыларының қызмет барысында ұқыптылығы мен жинақылығы, киімінің мұнтаздай таза болуы сөз болды. Бұл ретте жоспарға сай саптық байқауды ұйымдастырудың маңызы зор. Онда саптық дағдыны жетілдіру әрі саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету назарға алынады. Сонымен қатар қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктері мен айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексеріледі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар