"Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша футбол қауымдастығына қайғыра көңіл айтады.
Қазақстан футбол федерациясы қазақ футболының дамуына атсалысқан Марат Жалғасұлының есімін әрқашан ардақтайды. Оның өнегелі өмір жолы халқының жадында мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.
Марат Жалғасұлы - отандық футболдың дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында жеті мәрте алаңға шыққан. Кәсіби еңбек жолында «Мелиоратор», «Машук», «Қайрат», СКИФ-«Ордабасы», «Актюбинец», «Мұнайшы» клубтарында өнер көрсетіп, 2001 жылы туған клубы «Қайсар» сапында футболшы мансабын аяқтады. Ол Қазақстан Премьер-лигасында 265 матч өткізіп, 6 гол соқты.
Жаттықтырушы ретінде «Қайсар», «Ақ Бұлақ», БЖМОРСМ №2, «БТА Футзал» МФК, «Жетісу» және «Алтай» клубтарында жұмыс істеді.




