Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті
gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері өсті, деп хабарлайды arainfo.kz

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылар, базалық және ынтымақты зейнетақылардың барлық түрлері инфляция деңгейіне сәйкес 10%-ға артты. Ең төменгі базалық зейнетақы 35 596 теңгені, ал ең жоғарғысы – 60 005 теңгені құрайды.

Мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің ұлғаюына бірнеше мысал:

  • 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда – 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды;
  • мөлшері бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға – 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды;
  • I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін, II топтағыларға – 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін, III топтағыларға – 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін ұлғаяды.

Жаңа мөлшерлер бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша және жеке есептеледі, соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар мен табысты алмастыру коэффициентіне байланысты анықталады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар