Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көшеттерге күтім керек

Көшеттерге күтім керек
Автор
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Экологиялық мәселелер жөніндегі аймақтық кеңестің отырысында көшет отырғызу, көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарлар қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімдігі энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұнғатов баяндама жасады.

Баяндамашының мәліметінше, 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» өңірлік жоспары толық орындалып, облыс көлемінде 814,6 гектар аумаққа 12 түрлі 970 мың ағаш отырғызылған. Ал биыл Тараз қаласында 14 515 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

– 2030 жылға дейінгі облыстың даму жоспарына сәйкес жыл сайын елді мекендер аумағына 195 мың жасыл желек отырғызу жоспары бекітілген. Өңірдегі климаттық жағдайға байланысты 12 түрлі ағаштың кей түрлерінің өсіп-өнуі қиын болғандықтан 2030 жылға дейінгі жоспардағы тал түрлері төртеуге дейін қысқартылды. Бұдан бөлек Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Алматы ботаника институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен жасалған 1 жылдық келісімшарт негізінде Тараз қаласы бойынша жасыл желектерге түгендеу жұмыстары жүргізілді. «Taraz. Bot.Sad.kz» интернет порталы құрылып, цифрландыру арқылы жасыл желектердің толық ақпараты енгізілді. Осы орайда талдардың түрі, жасы, ID мекенжайы, индикаторлық нөмірі, GPS мекенжайы, электрондық паспорттары айқындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылып, 2025-2028 жылдар аралығында, яғни 3 жылдық келісімшарт негізінде жасыл желектерді цифрландырып, «Taraz.Bot. Sad.kz» порталына енгізу жоспарлануда. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 17 қаңтардағы №21-3 шешімімен 2030 жылға дейінгі «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының өңірлік жоспары бекітілді. Аталған жоспар аясында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сауаттылықты дамыту, энергия мен суды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желектерді отырғызу бағытында барлығы 47 іс-шара іске асырылуда. Сонымен қатар өткен жылы акцияға 127,2 мың адам және 3,4 мың кәсіпорын мен мекеме қатысты. Іс-шаралар аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіштің, 127,8 мың шаршы метр тұрғын үй ауласының, 3,1 мың шақырым көше жолының, 858,8 шақырым арық жүйелері мен каналдардың, сондай-ақ 81,6 мың шаршы метр саябақ мен сквердің аумағы тазаланып, 19,2 мың тонна күл-қоқыс шығарылды, – деді Дамир Тұнғатов.

Сондай-ақ кеңес барысында ағаш отырғызу жұмыстарын алдын ала жоспарлау, сапалы күтім жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді. Себебі бюджет қаржысына алынған көшеттердің бірқатары тиісті күтімнің болмауынан қурап қалуда. Кеңес мүшелері алдағы уақытта егілген ағаштарға тұрақты зерделеу және мониторинг жүргізу қажет екенін жеткізді.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар