Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жастарға жігер сыйлаған жиын

Жастарға жігер сыйлаған жиын
Автор
Тәуелсіздік күніне орай Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектепте «Жас көшбасшы – тәуелсіз елдің тірегі» тақырыбында оқушылар форумы өтті.

Форумның мақсаты – елдің болашағына жауапкершілікпен қарайтын, білімді де белсенді жас көшбасшылардың бастамаларын қолдап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық белсенділікке ынталандыру.

Іс-шараға мектеп парламенті, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері, оқу озаттары, спортшылар және пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары қатысты. Сонымен қатар форумның құрметті қонағы және басты спикері ретінде Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, облыстық «Aq jol» газетінің жауапты хатшысы Нұржан Қадірәлі қатысты.

Ақын қатысушыларға тәуелсіздік құндылығы, ұлттық рух, жас буынның миссиясы туралы тағылымды ой айтып, шығармашылық жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Оның жас ұрпаққа арнаған рухты сөздері форумның маңызын арттыра түсті.

Форум соңында жас көшбасшылардың атынан арнайы резолюция қабылданып, оқу орнының жастары арасында еріктілік қозғалысын дамыту, мәдени-ағартушылық жобаларды қолдау, шығармашылық және білім саласындағы бастамаларды нығайту бағыттары белгіленді.

 

Зәуре МЫРЗАХАТ,

М.Жұмабаев атындағы

№21 орта мектептің директоры

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар