Қазақстан әлемдегі қауіпсіз елдер тізімінде нешінші орында тұр
- author AR-AY
- Бүгін, 09:53
- 17
Осылайша, ел бір жыл ішінде бес сатыға жоғарылап, Орта Азия мемлекеттері арасында көш бастады.
Зерттеу нәтижесіне қылмыс деңгейінің төмендеуі, қоғамдық тәртіптің нығаюы және азаматтардың өзін қауіпсіз сезінуі айтарлықтай әсер еткен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары көшелердегі қылмыс деңгейі едәуір азайған. Атап айтқанда, ұрлық, бұзақылық, қарақшылық сияқты қылмыстар төрт есе төмендеп, кісі өлтіру деректері шамамен 30 пайызға қысқарған. Ал қоғамдық орындардағы қылмыс 80 пайызға азайған.
Global Peace Index рейтингі 23 көрсеткіш негізінде қалыптастырылады. Олар үш негізгі бағытты қамтиды:
– қоғамдағы қауіпсіздік пен қорғаныш деңгейі;
– ішкі және халықаралық қақтығыстардың болуы;
– милитаризация дәрежесі.
Есеп қорытындысы бойынша, 2025 жылы әлемдегі орташа бейбітшілік деңгейі 0,36 пайызға нашарлаған. Бұл көрсеткіш соңғы алты жыл қатарынан төмендеп келе жатқанын аңғартады. Зерттеу авторлары ірі қақтығыстарға әкелетін факторлардың бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін атап өтті.
Рейтинг көшін Исландия 17 жыл қатарынан бастап тұр. Үздік бестікке сондай-ақ Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Швейцария енген. Ал қауіпсіздік деңгейі ең төмен елдер қатарында Ресей, Украина, Судан, Конго Демократиялық Республикасы және Йемен аталды.
Айта кетейік, Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінде Болгария мен Румыниядан кейін үшінші орынға жайғасып, өңірдегі орташа көрсеткіштің төмендеуіне қарамастан, қауіпсіздігі орташа деңгейден жоғары елдер тобына кірді.



