Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда 54 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

Қазақстанда 54 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
pixabay.com
Қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасының рекордтары жаңарды, деп хабарлайды arainfo.kz

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, қараша айында Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы тарихи максимумдарға жетті.

Ақтөбеде 14 қарашада +13,2°C тіркеліп, 2023 жылғы рекорд жаңартылды. Келесі күні +11,4°C байқалды, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен жоғары. Көкшетауда 19 қарашада +8,3°C, 23 қарашада +5,2°C тіркеліп, бұрынғы рекордтар жаңарды.

Жезқазғанда 24–26 қараша аралығында үш күн қатарынан рекорд орнатылды: +13,3°C, +10,3°C және +12,3°C. Қарағандыда 26 қарашада +9,4°C тіркелді.

Қарашада ауа массаларының ауысуына байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі байқалды. Мысалы, Шуылдақта бір тәулікте 28 мм қар жауып, айлық норманың үштен бірінен асты, ал Жетісу облысында жел секундына 36 м-ге жетті.

Астанада қарашадағы орташа температура +0,3°C болып, климаттық нормадан 5,5°C жоғары болды. Ең төменгі температура -12,3°C, ең жоғары +7,8°C. Ай ішінде жауын-шашын мөлшері 63 мм, көпжылдық орташа мәннің 217%-ына тең болды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар