Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Аймақ басшысы Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты

Аймақ басшысы Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты
Ақәділ Рысмахан
Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды arainfo.kz

– Қазақ киносы мен театрының асқақ шыңы, сахна мен экранда тұтас бір дәуірдің болмысын бедерлеген алып тұлға — Асанәлі Әшімовтің дүниеден өткені туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Аңызға айналған ағамыз тек жамбылдықтардың ғана емес, тұтас еліміздің мақтанышы, руханиятымыздың абызы еді. Асанәлі Әшімұлы — өнерді өмірінің мәніне айналдырған, әр рөлі арқылы халықтың жан дүниесіне терең үңіле білген шынайы шебер болды. Оның сомдаған бейнелері ұлт жадында мәңгі сақталып, көрермен жүрегінде өшпес із қалдырды. Ол қазақ руханиятының биік болмысын танытқан символ, өнерге адалдықтың өлшемі болды. Тау тұлғаның жары Бағдат апайымызға, ұлы Асанәліге, туған-туыстарына, сондай-ақ барша қазақ халқына жамбылдықтар атынан қайғыра көңіл айтамын. Қазақ халқы барда Асанәлі Әшімовтің асыл есімі мен мол мұрасы ешқашан өшпейді. Марқұмның иманы саламат, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған ұрпағына, туған-туыстарына сабыр мен ұзақ ғұмыр тілеймін, – делінген жүрекжарды жылы жазбада. 

Еске салайық, бүгін, 21 желтоқсанда қазақ сахнасының абызы,Қазақ КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында өмірден озды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар