Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында бала тәрбиесіне арналған облыстық әдістемелік семинар өтті

Жамбыл облысында бала тәрбиесіне арналған облыстық әдістемелік семинар өтті
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Отбасы -меткеп-қоғам: бала тәрбиесіндегі біртұтас одақ» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Іс-шараның мақсаты - бала тәрбиесінде отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайта отырып, біртұтас әрі үйлесімді тәрбие жүйесін қалыптастыру жолдарын анықтау болды.

Семинар барысында ата-аналармен өзара байланысты арттырудың, мектеп пен қоғам арасындағы серіктестікті нығайтудың тиімді тетіктері ұсынылды. Тәрбиенің сапасын арттыру мақсатында мектеп пен отбасы арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнату, ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне белсенді тарту, әлеуметтік жобалар мен волонтерлік бастамалар арқылы оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу жолдары қарастырылды.

Қорытындылай келе, семинар барысында ұсынылған идеялар мен тәжірибелік ұсыныстар отбасы, мектеп және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәрбие жұмысын жүйелі әрі нәтижелі ұйымдастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Бұл бастамалар оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғыдан дамыған, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, қоғамға пайдалы тұлға ретінде қалыптастыруға негіз қалайды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар