Бүгінде жасанды интеллектінің дәуірі туды. Цифрландыру тұтас қоғам өміріне дендеп енді. Сарапшылар технологияның бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып, кейбір сала мамандарын алмастыра алатын деңгейге жететінін айтып отыр. Мұндай жаңашылдық еңбек нарығына үлкен соққы болуы мүмкін.
Әйтсе де жұмысшы мамандарға сұраныс артпаса кеми қоймайды. Әсіресе қол еңбегін, қажыр-қайрат пен табандылықты қажет ететін қызмет түрлері қарапайым жұмысшылардың араласуымен атқарыла береді.
Осы тұрғыдан алғанда жастарға кәсіби бағдар беру еңбек нарығындағы бүгінгі және келешектегі сұранысты ескере отырып, жүргізіліп жатқанын атап өткеніміз жөн. Мәселен биыл мемлекеттік гранттың 60 пайыздан астамы инженерлік, техникалық мамандықтарға бөлінген.
Мектеп түлектері мамандық таңдауда ескеруі қажет бірнеше фактор бар. Бұл тұрғыдан болашағын жұмысшы мамандықтармен байланыстырған жастардың ұпайы түгел болып қала береді.
Назгүл КИІКБАЕВА,
А.Суханбаев атындағы орта мектептің
кәсіптік бағдар беруші педагогі,
Байзақ ауданы




