Мемлекет басшысы Instagram парақшасында жариялаған постында мамыр мерекесінде уақыт тауып, әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайтқандығын жазған.
«Бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атап едім. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылдыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады. Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтарымыздың қатарына бірнеше ай бұрын қосылған құла түстес құлынға Ақниет деп ат қойдым. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр», – делінген Президент постында.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы арагідік жылқыларға өз қолыммен жем беріп тұратынын айтқан.

Шуда 42 канал жаңғыртылуда
Ұқсас жаңалықтар
Тренингтен студенттер көп тренингтен студенттер көп ой түйіп қайтты
- авторAR-AY
- 29 сәуір, 2026




