Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шудағы шаттық

Шудағы шаттық
Автор
Тәуелсіздік күніне орай Шу ауданы, Шу қаласына қарасты Жанқұлиев, Жайсан және Горгаз ықшамаудандарының шамамен 16 мың тұрғыны сапалы ауызсуға қол жеткізді.

Осыған байланысты өткен салтанатты іс-шараға аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пен аудан прокуроры Талғат Оспанов қатысты.

Ауызсумен қамту жобасын іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ Арнаулы мемлекеттік қордан жалпы көлемі 3,377 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Горгаз (12 362 адам) және Жанқұлиев (2 681 адам) ықшамаудандарында ауызсу желілерінің құрылысын «Интеллект-Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ал Жайсан ықшамауданында (818 адам) «ТаразСтрой-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды.

– «Су – тіршіліктің көзі» деп бекер айтылмаған. Ауызсу – халық үшін ең бірінші қажеттілік. Тұрғындардың игілігін көздейтін жобалар жемісті жалғаса берсін! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, ертеңіміз жарқын болуына шын жүректен тілектеспін, – деді Шу қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мелис Бейсембаев.

Сонымен қатар Байзақ ауданының Төрткөл ауылында да қайтарылған активтер қаражаты есебінен жүргізілген ауызсу құрылысы толық аяқталып, тұрғындар сапалы тіршілік нәрін пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

– Қуанышымызда шек жоқ. Мемлекет қолдауының арқасында көптен күткен су ауылымызға жетті. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді Төрткөл ауылының тұрғыны Екатерина Берберова.

Мемлекет басшысының халықты 100 пайыз сапалы ауызсумен қамту туралы тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл 13,9 миллиард теңгеге 24 ауылдық елді мекенде және 9 тұрғын алқапта (Тараз қаласында – 5, Шу қаласында – 4) ауызсу нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған.

Бүгінгі күнге дейін 19 елді мекенде және 5 тұрғын алқапта құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар сапалы ауызсумен қамтылды. Қамту көрсеткіші қалаларда 99,8 пайызды, ауылдық елді мекендерде 99,6 пайызды құрап отыр.

Қазіргі таңда 3 елді мекен мен 4 тұрғын алқапта құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандарды қабылдау-тапсыру рәсімдері жүргізілуде. Ал қалған 2 нысанда құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар