Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті
- author AR-AY
- 18 желтоқсан, 2025
- 145
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды, деп хабарлайды arainfo.kz
Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді.

Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.
Мемлекет басшысы мен Император өзара ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Тараздағы түзеу мекемесінде Ұлттық киім күніне арналған шара ұйымдастырылды
- авторAR-AY
- 18 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Олжас Бектенов: 60-тан астам заң мен кодекстерге өзгерістер енгізіледі
- авторAR-AY
- 18 наурыз, 2026




