Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні: Үздіктер марапатталды
- author AR-AY
- Бүгін, 20:00
- 1
Бұл күні өз өмірін қоғамның тыныштығы мен заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арнаған азаматтарға арналған ерекше құрмет көрсетілді. Жалпы, ҚАЖ қызметкерлері күн сайын күрделі әрі жауапты міндет атқарады. Олар тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, жазасын өтеп жатқан азаматтардың қайта тәрбиеленіп, қоғамға толыққанды оралуына себепші болуда. Бір сөзбен айтқанда, олардың еңбегі – елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің берік негізі.

Айтулы датаға орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Онда ең әуелі департамент бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов сөз алып, сала ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлеріне мінсіз қызметі үшін шынайы ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде әрбір қызметкер пенитенциарлық жүйенің дамуына өзіндік үлесін қосып жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, шара барысында бірқатар қызметкерлер марапатталды. Нақтылай түссек, бұл күні ҚАЖ қызметкерлеріне «Ең үздік мекеме», «Ең үздік бастық», «Ең үздік инженер» және «Ең үздік өрт сөндіруші» номинациялары табыс етілді. Бұдан бөлек Ішкі істер министрлігі «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздік төсбелгісі» мен «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі де берілді. Сондай-ақ Жәнібек Жамалбекұлы осы салада қызмет ету барысында қайтыс болған қызметкерлердің ата-анасы да құрмет көрсетілді.


