Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан мен Қытайдың ғылыми жобасы ғарышта сынақтан өтеді

Қазақстан мен Қытайдың ғылыми жобасы ғарышта сынақтан өтеді
gov.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университеті бірлесіп әзірлеген «Қазақстан – Қытай» наноспутнигі орбитаға сәтті шығарылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Ғарыш аппараты 13 желтоқсанда Бейжің уақыты бойынша сағат 09:08-де 530 шақырым биіктікте Жер орбитасына орналасты.

Наноспутник Ziwei Aerospace компаниясының «Диэр-5» ғарыш аппараты арқылы «Куайчжоу-11» зымыран тасығышымен ұшырылды. Құрылғы ғарыштық зерттеулер жүргізуге арналған.

Айта кетейік, ҚазҰУ мен СБПУ микроспутниктерді зерттеу бағытындағы бірлескен ғылыми жұмыстар туралы келісімге 2024 жылы қол қойған. Бұл бастама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапары барысында келісілген.

Наноспутник жоғары тұрақтылықпен маневрлі бақылау жүргізу, платформа бағдарын динамикалық қабылдау және компенсациялау, сондай-ақ OpenHarmony операциялық жүйесі негізінде Жерді қашықтықтан зондтау кескіндерін автономды тану міндеттерін атқарады.

Жобаның негізгі артықшылықтарына экономикалық тиімділік, жоғары дәлдік пен тұрақтылық, есептеу қуатының жоғарылығы және деректерді Жерге жедел жеткізу мүмкіндігі жатады.

Жоба ҚазҰУ базасындағы СБПУ филиалы, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы бірлескен зерттеу лабораториялары мен ғылыми институттардың қолдауымен жүзеге асырылды. Бірлескен зерттеу тобына Қазақстан мен Қытайдан 20-дан астам маман мен жас ғалым қатысқан.

Жоба ғарыштық зерттеулерді дамытуға, жоғары білікті кадрлар даярлауға және болашақта ортақ спутниктерді жасауға жол ашады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар