Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тәртіпсіз ел болмайды

Тәртіпсіз ел болмайды
Автор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауларында заң үстемдігін қамтамасыз етуді, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуды мемлекеттің басты бағыты ретінде айқындап берді. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Сарысу ауданында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп», – деп атап өтті.

Осы ретте Президенттің тапсырмасына сәйкес 2025 жыл ішінде Сарысу ауданында «Заң мен тәртіп» апталықтары өткізілді. Апталықтар аясында Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, оған 5 000-нан астам тұрғын қатысты.

Сонымен қатар аудан прокуроры, аудандық әкімдік, тиісті мекеме басшылары және құқық қорғау органдарының өкілдері тарапынан аудан халқының көкейінде жүрген сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қордаланған мәселелерді шешудің жол картасы әзірленіп, бекітілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан бойынша прокуратура, полиция бөлімі мен білім саласы қызметкерлерінің 27 өкілінен құрылған 3 мобильдік топ өз жұмысын тұрақты жүргізуде.

Бұл тұрғыда 2 000 дана жадынама парақшасы таратылды. Бұдан бөлек халық көп жиналатын орындарда 4 жастар флешмобы, 5 рейдтік іс-шара және 5 түсіндіру жұмысы өткізілді.

Аудан әкімдігінің ресми парақшаларында бұл бағыттағы жұмыстарға қатысты 38 ақпараттық материал («Instagram» – 19, «Facebook» – 19) жарияланды. Сонымен қатар, аудандық «Сарысу» газетінде 20 мақала жарық көрді.

Бұл апталықтар барысында аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығы артып, заң қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Жүргізілген іс-шаралар қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, тұрғындардың заңға деген сенімін арттыруға және тәртіпті сақтау қажеттігін ұғындыруға оң әсерін тигізді. Аудан аумағында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар тұрақты өткізіліп, әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілді. Қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау үшін полиция, әкімдік және қоғамдық ұйымдар арасында арнайы жұмыс жоспары жүзеге асырылды. Мектептерде «Жастар және заң», «Заңды білу – заман талабы» тақырыптарында кездесулер ұйымдастырылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстары мен тренингтер өткізілді. Жастар ресурстық орталығы білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін көтеруге ықпал етті.

Аудан көлемінде құқықтық кеңес беру күндері өткізілді. «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып, азаматтардың өтініштері мен шағымдарына жедел әрекет ету шаралары жолға қойылды. Сонымен қатар діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру топтарының 60-тан аса кездесуі өтті.

Аудан орталығы мен ауылдық округтерде бейнебақылау камералары орнатылып, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығулар жүргізілді. Қоғамдық көліктерде, демалыс орындарында және көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

2025 жылдың есепті мерзімінде 72 рейд жүргізіліп, заңнаманың түрлі баптары бойынша 478 әкімшілік хаттама толтырылды. Түнгі уақытта қараусыз жүрген 206 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Бірлескен жұмыстың нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 50 пайызға төмендеді (4-тен 2 жағдайға дейін).

Жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылықтар 33,3 пайызға азайды. Аудандық орталық аурухана тарапынан жасөспірімдер арасында психологиялық денсаулық пен ерте жүктіліктің алдын алу бағытында 182 ақпараттық іс-шара ұйымдастырылып, 2 410 адам қамтылды.

Қазіргі таңда қоғамда суицид мәселесі бар екендігі баршамызға белгілі. Жасөспірімдерге қатысты қылмыстар мен өзіне-өзі қол жұмсау бойынша Сарысу ауданында 2025 жылы кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) фактілері тіркелмеген. Дегенмен, ауданда профилактикалық іс-шаралар кең көлемде өткізілуде. Осы жылдың есепті мерзімінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында мектептерде барлығы 53 іс-шара (12 кездесу, 6 «дөңгелек үстел» отырысы, 4 коучинг, 6 шеберлік сыныбы, 12 спорттық шара, 2 дебат, 3 байқау, 4 эссе, 4 челлендж) өткізіліп, 3 500 оқушы мен 1 730 ата-ана қамтылды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында барлығы 286 іс-шара (48 кездесу, 24 «дөңгелек үстел» отырысы, 28 коучинг, 32 шеберлік сыныбы, 46 спорттық іс-шара, 27 дебат, 36 байқау, 22 эссе, 24 челлендж) өткізіліп, 8 355 оқушы мен 2 350 ата-ана қамтылды.

Аудандағы 27 мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы ашылып, бүгінгі таңда «Даналық мектебі» аясында тағылымдық сабақтар өткізілуде. Барлық іс-шараға 2 568 ата-ана, 5 290 оқушы қамтылды. Өткен жылдың желтоқсан айында «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өткізіліп, 450 ата-ана қатысты.

Оқушылар арасында «Балалардың қауіпсіздігі – ұрпақ болашағының кепілі» тақырыбында 2025 жылдың ақпан айында 6-11-сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары, психологиялық тренингтер жүргізіліп, «Қара жол – қасірет» атты профилактикалық қойылым көрсетілді. Аталған іс-шараға барлығы 2 740 оқушы қамтылды.

Осы жылдың сәуір айында «Балалардың қауіпсіздігі – ұрпақ болашағының кепілі» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті. Аталған форумға жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдары, сондай-ақ ауыл әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағалары мен ардагер ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары және 300-ден аса ата-ана қатысты.

Аудандық орталық аурухана тарапынан аудандағы жасөспірімдер арасында психологиялык денсаулықты нығайту мақсатында 105 іс-шара ұйымдастырып, 1 474 адам қамтылды.

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы – бұл болашақ өмірдің берік іргетасы. Ол жас ұрпақтың дені сау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын, саналы әрі қауіпсіз таңдау жасай алатын тұлға болып қалыптасуына негіз болады. Репродуктивті денсаулық – тек физикалық емес, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқаттың да маңызды көрсеткіші.

Психологиялық денсаулықты нығайту мен ерте жүктіліктің алдын алу бағытында 182 ауқымды ақпараттық іс-шара ұйымдастырылып, 2 410 адам қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде әрі қарқынды жалғасын табатын болады.

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданда қоғамдық тәртіп нығайып, құқықбұзушылықтар азайды, жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен суицид фактілерінің алдын алу бағытында оң өзгерістер байқалды. Жастардың құқықтық сауаттылығы мен тұрғындардың заңға деген құрметі арта түсті.

Алдағы кезеңде біз құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, жастардың психологиялық саулығын нығайтуға, ата-аналармен жұмысты күшейтуге ерекше мән беретін боламыз.

Заң үстемдігі – ел дамуының кепілі, тәртіп – тұрақтылықтың негізі. Осы бағыттағы жұмыстар ауданымызда жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Сәкен МАМЫТОВ,

Сарысу ауданының әкімі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар