Талас халық театры «Мірдің оғы» республикалық байқауында І орын алды
- author AR-AY
- Бүгін, 21:51
- 1
Байқауға еліміздің Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстарынан және Жамбыл облысы, Талас ауданынан келген барлығы 8 театр ұжымы қатысты. Әрбір өнерпаз топ көрерменге өзгеше қойылым ұсынып, бақ сынады.
Талас халық театры өзіне тән шебер өнер көрсетуімен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Байқаудың қазылар алқасы құрамында:
Асылбек Боранбаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Нұрлыбек Жұбатқан – жазушы-сатирик
Бауыржан Орда – ҚР Мәдениет қайраткері
Осындай талғампаз қазылар мен мықты театрлар бас қосқан додада «Талас» халық театры I орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді!

Бұл жеңіс — Талас ауданы мен бүкіл өңір мәдениетінің мәртебесін асырған үлкен жетістік.
Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұжымды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа биіктер тілейді.
Өнерлеріңіз өрлей берсін!


