Мекемтас Мырзахметұлының 95 жылдығына орай «Нар Тұлға» әдеби баркемпі өтті
- author AR-AY
- 8 желтоқсан, 2025
- 373
Кештің мақсаты – ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Мекемтас Мырзахметұлының өмірі мен ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау, Абайтану мектебінің теориялық негізін қалыптастырған ғалымның еңбектерін жас ұрпаққа таныту, оқырмандар арасында еркін пікір алмасу, шығармашылық диалог алаңын құру.
Баркемп форматы – қатысушылардың еркін қатысуына, пікір айтуына, сұрақ қоюына мүмкіндік беретін ашық шығармашылық орта. Бұл формат Мекемтас Мырзахметұлының ғылыми көзқарастарын тереңірек түсіндіруге және тың идеялардың туындауына жағдай жасады.

Іс-шара барысында ғалымның өмір жолы, өнегелі ісі, елдік мұратқа айналған еңбектері кеңінен талқыланып, Абайтану ғылымындағы зерттеулері, Абайдың толық адам іліміне қосқан үлесі, Мұхтартану мен Бауыржантану саласындағы ғылыми мұрасы таныстырылды.
Шараға өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен бірге Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушылары да белсенді қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда U15 және U23 санаттары арасында Қазақстан чемпионаты басталды
- авторAR-AY
- 9 наурыз, 2026
Таразда референдум қарсаңында спорт пен өнер тоғысқан мерекелік шара өтті
- авторAR-AY
- 7 наурыз, 2026




