Жаңалықтар
Жамбыл облысында Халықаралық мүгедектер күніне орай әдеби алтыбақан өтті
- author AR-AY
- 2 желтоқсан, 2025
- 406
Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Адам – керуен, өмір – жол» атты әдеби алтыбақан ұйымдастырылды.
Шараны кітапхана қызметкерлері өткізіп, оның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға рухани қолдау көрсету, олардың қоғамға белсенді араласуына мүмкіндік беру және кітап оқу мәдениетін насихаттау болды.
Әдеби алтыбақан барысында қатысушылар танымдық сұрақтарға жауап беріп, қазақ әдебиеті мен поэзиясынан үзінділер оқыды, еркін пікір алмасты. Сондай-ақ өмірге құштарлық, төзімділік пен табандылық туралы кітаптар таныстырылды.
Шара орталық тұрғындары мен қызметкерлері үшін ерекше жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Келесі мақала
Жүйелі жұмыстың жемісін жұрт көреді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




