Жаңалықтар
Таразда жазасын өтеушілер арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды
- author AR-AY
- 2 желтоқсан, 2025
- 202
Бүгінгі таңда түзеу мекемелеріндегі сотталған азаматтарды еркін өмірге бейімдеу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл орайда мәдени және спорттық шаралардың маңызы зор.
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Бұл күні екі командаға бөлінген арнайы контингент өкілдері алаңда өз мықтылықтарын дәлелдеуге тырысты. Теңбіл допты ұршықша иірген олар қарсылас құраманың қақпасына гол соғуға күш салды. Нәтижесінде, тұғыр биігіне көтерілген командаға мекеме әкімгілігі тарапынан лайықты марапат табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




