Шараның құрметті қонағы – ұлттық киім мен сән саласында табысты еңбек етіп жүрген жергілікті кәсіпкер, ұлттық нақыштағы киімдерді насихаттап жүрген танымал дизайнер, республикалық «Дәстүрге жол» қазақ аналары қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гулфайруз Нұрабаева болды. Ол жасөспірімдерге ұлттық құндылықтарды дәріптеп, еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін мол тәжірибесімен бөлісті.

Қонақ өз шеберханасының жұмысымен таныстырып, дәстүрлі ұлттық киімдерден тұратын көркем дефиле ұсынды. Кеш барысында оқушылар қазақтың төл өнерін насихаттап, күй мен дәстүрлі әндер орындады.
Жас оқырмандар дизайнерге қызықты сұрақтарын қойып, кең көлемде ақпарат алды. Сонымен қатар тақырыпқа сай безендірілген кітап көрмесіне шолу жасалып, ұлттық мұраға қатысты құнды әдебиеттер таныстырылды.
СЫМБАТ ҚУАНЫШ


