Жамбыл облысында сәлем салудан бас тартқан келін соттан бір-ақ шықты
- author AR-AY
- 27 қараша, 2025
- 87
Іс материалдарына сәйкес, мейрамханада өткен үйлену тойы кезінде Т. жұбайынан ежелгі қазақ дәстүріне сай үлкен әпкесіне сәлем салуды сұраған. Алайда әйелі бұл өтінішті орындаудан бас тартқан. Оқиға олар үйге оралғаннан кейін ушыққан: күйеуі жұбайының әрекетіне наразылығын білдіріп, оған былапыт сөздер айтқан.
Сот отырысында азамат Т. өз кінәсін толық мойындап, жұбайынан кешірім сұрағанын жеткізді. Тараптар медиация тәртібімен татуласқандарын айтып, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Жәбірленуші де күйеуінің қайын енесіне қоңырау шалып, балалармен бірге өзін алып кетуді талап етіп, дөрекі мінез көрсеткенін айтып өтті. Дегенмен ол да татуласуға байланысты шағымынан бас тартты.
Сот тараптардың өзара келісімге келуін ескеріп, әкімшілік іс бойынша өндірісті медиация тәртібімен тоқтатты.
Шуда натрий цианидін өндіретін зауыттың қазығы қағылды
Ұқсас жаңалықтар
“Рэкетир” фильмінің жұлдызы , танымал актер Мұрат Бисембин қайтыс болды
- авторAR-AY
- 8 қаңтар, 2026




