Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты
- author AR-AY
- Бүгін, 15:46
- 25
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Саммитке Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты. Көшбасшылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.
Кеңейтілген құрамдағы отырыста Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшылары ұйымның биылғы қызметінің негізгі нәтижелерін қорытындылап, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы басымдықтарды айқындады.

Президенттер ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс білдірді. Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жыл мерзімге Бас хатшы лауазымына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім қабылданды.
Отырыс қорытындысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданып, ұйымға мүше мемлекеттердің мүдделеріне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.


