Қазақстанда онлайн-медицина кеңейіп, емханалардағы жүктеме азайды
- author AR-AY
- Бүгін, 11:57
- 19
Бұл жоспардан асып, емханалардағы кезектерді қысқартуға мүмкіндік берді.
Медициналық көмектегі онлайн-қызметтердің үлесі жоспарланған 7%-дың орнына 8,65%-ды құрады. Қызметтердің өсуіне мына жаңалықтар ықпал етті:
- мейіргерлерге бірқатар функцияларды кеңейтілген түрде беру;
- қабылдауға қашықтықтан алдын ала жазылу жүйесін енгізу;
- «жоспарланған қабылдау» арқылы пациент маршрутын оңтайландыру.
Ауыл және шалғай аймақтарда 2025 жылы 8 өңірдегі 100 медицина ұйымын қамтыған «Онлайн-медицина» пилоттық жобасы іске қосылды. Енді дәрігерлердің консультациясын бейінді мамандар жоқ елді мекендерде де алуға болады.
Сонымен қатар, цифрлық технологиялар медицина қызметкерлеріне де тиімді: электрондық рецепт рәсімдеуге кеткен уақыт 60%-ға, жүкті әйел картасын толтыру уақыты 40%-қа қысқарды.
Жыл соңына дейін Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай медициналық деректер қоймасын құру арқылы цифрлық денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіруді жоспарлап отыр.




