Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Би өнерінің шоқ жұлдызы

Би өнерінің шоқ жұлдызы
Автор
«Өнер – мәңгілік мұра, ал оны жүрекпен жеткізуші – ұстаз» деген дана сөз бар. Осы ұстанымды өмірлік қағидасына айналдырған жанның бірі – «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығының «Ерке сылқым» хореографиялық би тобының жетекшісі, өз ісіне жан-тәнімен берілген шебер ұстаз Шолпан Мұхтарқызы. Екі жылға жуық уақыт ішінде ол орталықтағы шығармашылық жұмысты жаңа деңгейге көтеріп, балғын бишілердің таланты ашылуына, кәсіби би мәдениетін қалыптастыруына зор үлес қосты. Ұжымда сыйлы, әріптестерінің құрметіне ие, ал шәкірттері үшін – шабыт беретін ұстаз, бағыт көрсететін тұлға.

Шолпан Байжанованың жетекшілігіндегі «Ерке сылқым» би тобы түрлі республикалық және халықаралық байқауларда бірнеше мәрте топ жарып, орталықтың абыройын асқақтатты. Соның бірі – жуырда өткен «Taraz City Fest» халықаралық байқауы, онда ансамбль «Құстар» биімен І орын, ал «Татар» биімен Гран-при иеленіп, жетекшісі Алғыс хатпен марапатталды. Бұдан бөлек, би тобы биылғы көктемде өткен облыстық «Bastau» хореографиялық байқауында ІІІ орынға қол жеткізді. Сонымен қатар «Жас дарын» – ХХІ халықаралық өнер додасында да жоғары нәтижелер көрсетіп, «Түрік» биімен І орын, «Көктем» және «Өзбек» билерімен ІІ орын, сондай-ақ «Кербез қыздар» квартетімен ІІ орын алды. Жетекшінің еңбегі ел деңгейінде бағаланып, ол Қазақстан Республикасының білім саласындағы жемісті қызметі үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісіне ие болды.

Сонымен бірге би ұжымы жетекшісімен бірге Дубай, Стамбул, Венгрия және Италия елдерінде өтетін халықаралық фестивальдарға тегін қатысуға жолдама алып, орталық тарихында үлкен жетістікке қол жеткізді. Өнер жолындағы жетістіктепімен қатар, Шолпан Мұхтарқызы – өмірде де көпке үлгі болар жан. Төрт баланың анасы, отбасының берекесін келтіріп отырған парасатты келін, тәрбиені бірінші орынға қоятын жан. Оның қарапайымдылығы мен еңбекқорлығы, әр баланың жүрегіне жол таба білуі – шынайы ұстаздың болмысын айқындайды. Жақында ол «Ерке сылқым» би тобының қатысушыларымен бірге «Jambyl» телеарнасының «Rauan» бағдарламасына арнайы барып, «Сыр мен сымбат» тақырыбындағы сұхбат барысында өнерге деген шынайы махаббатын, шәкірттерінің еңбегін және шығармашылық жолдағы жетістіктерін көрерменге паш етті.

Шолпан Байжанова – өнерде де, өмірде де үлгі. Оның адалдығы, талапшылдығы, балаға деген сүйіспеншілігі, ұлағатты ұстаздық жолы – «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарының мазмұнын толық ашатын жарқын бейне. Осындай жанның еңбегі – ұлт өнерінің дамуына қосылған өлшеусіз үлес, жас ұрпақтың болашағына салынған берік іргетас.

 

Бағжан Шамшиева, “Анаға тағзым” Жамбыл облыстық

отбасылық даму әлеуметтік орталығының баспасөз хатшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар