Ақордадағы ресми қабылдаудан кейін Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды arainfo.kz
Президент Тоқаев бұл сапардың ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
«Аса құрметті Никол Воваевич, Қазақстанға қош келдіңіз! Бұл – Сіздің елімізге алғашқы ресми сапарыңыз. Ол екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға серпін береді деп сенеміз. Сапар барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылады», – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Никол Пашинян да жылы қабылдау үшін алғыс білдірді.

«Құрметті Президент мырза, шақыруыңыз бен қонақжайлығыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге көтереді. Өткен жылы Арменияға жасаған Сіздің сапарыңыздан кейін маңызды келісімдер іске аса бастады. Қазақстанға ресми сапармен келу – мен үшін зор мәртебе», – деді Пашинян.



