Керемет кешке клуб жанкүйерлері, ардагерлер, футболшылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Ауқымды шарада алғашқылардың бірі болып сөз алған Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жаңа маусымда футболшыларға сәттілік тіледі.

Биыл клуб өз тарихында алғаш рет ресми маскот – «Роднойды» таныстырды. Маскот клуб гимнімен сахнаға шығып, жанкүйерлермен амандасты. Сонымен қатар, клуб гимнінің авторы Жазылбек Алдабергеновке құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды.
Көрермендер клуб тарихымен, жанкүйерлердің бейнероликтерімен және жаңа маусымға жасақталған футболшылар құрамымен танысты. Сондай-ақ, танымал футболшылар мен клуб ардагерлеріне «Алғыс хат» табысталып, олардың футболдың дамуына қосқан үлесі жоғары бағаланды.
Сонымен қатар, көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылды. Introvert, Taspay, CALI, Duman Marat және De Lacure сынды жас орындаушылар өздерінің хит әндерін орындап, кештің көркін қыздырды. Бұдан бөлек, ұтыс ойындары ұйымдастырылып, смартфондар мен бағалы сыйлықтар ойнатылды.



