Елімізде ЖРВИ мен тұмау көбейді: Министрлік шараларды күшейтті
- author AR-AY
- Бүгін, 10:22
- 18
1 қыркүйектен бері 1,46 млн ЖРВИ жағдайы тіркелген. Соңғы аптадағы 183 мыңнан астам науқас былтырғы кезеңнен 16% жоғары. Тұмаудың 590 расталған жағдайы анықталды, оның басым бөлігі — А (H3N2) штамы.
Ауру құрылымында балалар 66% құрайды. Мектеп оқушылары арасында бір аптада 6 мыңнан аса ЖРВИ, 13 тұмау жағдайы тіркелген.
Ел бойынша 2,1 млн адам тұмауға қарсы вакцина алды.
Медициналық ұйымдарда «сүзгілер», күшейтілген дезинфекция және қосымша инфекциялық төсектер дайындалды. Стационарларда 10 829 инфекциялық төсек сақадай сай, оның 76%-ы ғана пайдаланылып жатыр.
Министрлік тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады: адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, желдету, қол гигиенасын сақтау және ауру белгілері байқалғанда балаларды үйде қалдыру.


