Депутат Ажар Сағандықова жұмысын бала, қарт немесе науқас күтімімен қатар атқаратын әйелдерге жұмыс уақытын қысқарту құқығын заңмен бекіту қажет екенін айтты, деп хабарлайды arainfo.kz
Оның сөзінше, зерттеулер Қазақстандағы әйелдердің күніне 480 минут (8 сағат) негізгі жұмыста еңбек ететінін, оған қосымша 246 минут үй шаруасына жұмсайтынын көрсетеді. Осылайша олардың жалпы күндік жүктемесі шамамен 13 сағатқа жетеді. Бұл жағдай созылмалы шаршауға және эмоционалдық күйзеліске алып келеді.
Сағандықованың айтуынша, Исландия, Ұлыбритания, Франция мен Испания сияқты елдердің тәжірибесі жұмыс уақытын қысқарту әйелдердегі стрессті 40%-ға дейін азайтып, жұмыс пен отбасы арасындағы теңгерімді жақсартатынын дәлелдеген. Сонымен бірге еңбек өнімділігі төмендемейді.
Депутат осы норманы Еңбек кодексіне енгізіп, жұмыс уақыты қысқарған жағдайда да жалақы мен әлеуметтік кепілдіктер толық сақталуы тиіс екенін атап өтті.



