Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Компрессорлық станса: тәулігіне 500 көлікті газбен қамтамасыз етеді

Компрессорлық станса: тәулігіне 500 көлікті газбен қамтамасыз етеді
Автор
Тараз қаласында автомобильдік газ толтыратын компрессорлық станса іске қосылды. Салтанатты іс-шараға шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, бұл нысанның қала экологиясы үшін маңызы зор екенін айрықша атап өтті.

Еліміздің көлік секторын экологиялық тұрғыдан жақсарту, газмоторлық инфрақұрылымды дамытуды көздейтін инвестициялық жобаны «QazMetanPro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды.

Бұл станса тәулігіне 500 көлікті газбен қамтамасыз ете алады. Оған жүк, жолаушы және транзиттік көліктер, соның ішінде Қытай, Ресей, Өзбекстан бағытындағы маршруттар да кіреді. Сондай-ақ станса 50 жаңа жұмыс орнын ашуға және табиғи газды мотор отыны ретінде кеңінен пайдалануға, транзиттік жолдағы қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Келесі жылы осы жобаның жалғасы ретінде 50 газмоторлық қоғамдық көлік сатып алу және жаңа автобустар паркін салу жоспарлануда.

Айта кетейік, 2023-2024 жылдары Тараз қаласында жалпы құны 21,4 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 395 жаңа жұмыс орны құрылды.

Биыл логистика саласында «Югай Юг Такси» электрлі таксиін іске қосу және электр стансасын орнату жобасы жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 29 миллиард теңгеге тағы 9 жобаны іске асыру көзделуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар