20 қазан күні табиғатты қорғау және жануарлар дүниесін сақтау мақсатында «Браконьер» республикалық акциясы басталды.
Іс-шара барысында өңір аумағында жүргізілген рейдтік жұмыстардың нәтижесінде 233 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 1 қылмыстық іс тіркелді. Ең көп құқықбұзушылықтар Шу ауданында тіркеліп, 41 браконьерлік дерек анықталды. Анықталған заңбұзушылықтардың басым бөлігі аңшылық ережелерін бұзу (171 дерек) және қару айналымы қағидаларын сақтамау (44 дерек) фактілеріне қатысты болды. Сонымен қатар заңсыз балық аулаудың 18 жағдайы тіркелді. Мойынқұм ауданында заңсыз аңшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тек соңғы тәулікте облыс полицейлері табиғатты қорғау саласында 17 құқықбұзушылықты анықтады.
Республикалық акция 19 қарашаға дейін жалғасады.
«AR-AI»-ақпарат
Келесі мақала



