Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұрланған малдың 68 пайызы иелеріне қайтарылды

Ұрланған малдың 68 пайызы иелеріне қайтарылды
Автор
Полиция қызметкерлері Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мал ұрлығының алдын алу және анықтау шараларын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Жыл басынан бері 41 адам мал ұрлығын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 27 адамнан құралған 10 қылмыстық топтың әрекеті белгілі болды.

Кешенді шаралардың нәтижесінде өңірде. Сонымен қатар мал және ет өнімдерін заңсыз тасымалдаған 464 азамат жауапкершілікке тартылды. Мал жаю ережелерін бұзған 2 083 тұрғынға қатысты тиісті шаралар қабылданды.

– Мал ұрлығының басым бөлігі төрт түліктің қараусыз қалуынан туындайды. Азаматтардың қолындағы 5-10 тұяғын қадағалап, сақтық шараларын жасауы – қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолы. Осы бағытта өңірдегі мал базарларда және ет сататын сауда орындарында «Малды қорғаудың бес қадамы» азаматтарды малды қараусыз қалдырмауға, жайылым мен қора-жайларды бақылауда ұстауға акциясы ұйымдастырылуда. Нәтижесінде оң көрсеткіштер байқалуда, – дейді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Юсупов.

Полиция қызметкерлері және күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақыруда.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар